Accessibility links

Иранның әлем елдерімен келіссөздері сәтсіз аяқталды


Стамбулда Иранның ядролық бағдарламасына қатысты өткен алтыжақты келіссөздер тараптардың бірін-бірі айыптауымен аяқталды.

Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштон әлемнің ықпалды алты елінің Иранмен келіссөздерге көңілі толмады деді. Бірақ Кэтрин Эштон жаңа келіссөздер үшін Иранға есік ашық дегенімен, оның қашан болатыны айтылмады.

Иранның ядролық мәмілегері Саид Жалили өз елінің уран байыту құқығы сыйлануы тиіс, әлем елдерінің қандайда бір келісімі осы негізде болуы керек деді. Иран өкілі де алда келіссөздер болу мүмкіндігін танытып кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG