Accessibility links

Франция Иранға қарсы тағы санкция ұсынуы мүмкін


Франция сыртқы істер министрінің айтуынша, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Стамбулда өткен әлемнің ықпалды елдерімен келіссөздерде ешқандай нәтиже болмағандықтан, Франция мен оның одақтас елдері Теһранға тағы санкция салу мүмкіндігін қарастырады.

Сыртқы істер министрі Мишель Альо-Мари бұл туралы Иорданияға барған сапарында айтты. Ол Стамбулда Иранмен өткен екі күндік келіссөздерде еш прогрестің болмауы батыстық елдерді аз ғана таңдаумен қалдырды деді.

Мишель Альо-Мари әлемнің ықпалды елдері Теһранға қарсы санкцияларды күшейтуі мүмкін деді. Түркияда өткен келіссөздерде Иран өзінің уран байыту жұмысын тоқтатпайтынын айтты. Бірақ Батыс елдерінің Иранға төртінші санкция салғанда қойып отырған негізгі талабы осы болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG