Accessibility links

Пәкістанда зымыран шабуылынан кемінде 6 адам қаза тапты


Пәкістанның барлау қызметтері хабарлағандай, Солтүстік Вазиристанда АҚШ-тың екі бірдей зымыран шабуылынан бүлікші деп күдіктелген 6 адам қаза тапты.

AFP ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мираншах қаласындағы бірінші зымыран соққысынан 4 жауынгер қаза тапса, осы маңдағы екінші зымыран бүлікші деп нысанаға алынған мотоциклдегі екі адамға тасталған.

Бұл Ауғанстанмен шекаралас аймақ талибан мен әл-Қаидаға қарсы соғыс алаңы болып келеді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG