Accessibility links

Ахмадинежад Салехиді сыртқы істер министрі ретінде бекітуді сұрады


Жексенбі күні Иран президенті Махмуд Ахмадинежад парламентті ядролық мәмілегер Али Акбар Салехиді елдің сыртқы істер министрі ретінде бекітуге шақырды.

Ирандық ақпарат құралдары жазып жатқандай, желтоқсан айында сыртқы істер министрлігі басшылығынан Манучир Моттакиді алып тастаған Ахмадинежад енді бұл орынға Салехиді ұсынған.

Салехи Иранның атом энергиясы жөніндегі мекемесіне 2009 жылы басшы болып келген. Сондай-ақ ол Мохаммад Хаттами президент болып тұрғанда, Венадағы МАГАТЭ-де Иран өкілі болып қызмет етті.
XS
SM
MD
LG