Accessibility links

Украинада мыңдаған адам президентке қарсы шеру өткізді


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың мыңдаған жақтастары Киев орталығына жиналып, президент Виктор Януковичке қарсы шеру өткізді.

Олар қолдарына президент Янукович пен оның орынбасары Микола Азароның қызметтерінен кетуін талап еткен ұрандар алып шыққан. Шеру бейбіт түрде өтті және ешкім қамауға алынбаған.

Украина билігіне өткен жылы келген Януковичті елдегі оппозиция Мәскеумен жақын қарым-қатынасы үшін айыптап, қарсыластарын қудалап жатыр деп кінәлайды.
XS
SM
MD
LG