Accessibility links

Ингушетияда базарда жарылыс болды


Ингушетияның Сунженск ауданындағы ауылдың базарында бомба жарылған. Тағы екі бомба осы базардан табылған.

Жарылыс DVD сататын саудагердің жанында болды. Базарда ешкім жараланбаған, бірақ қалған екі бомбаны залалсыздандыру кезінде базардағы адамдар басқа жаққа шығарылған.

Ресейдің қауіпсіздік күштері Ингушетия мен басқа да Солтүстік Кавказ аймағындағы қақтығыстар азайып келеді дегенімен, жағдай тыншымай тұр.
XS
SM
MD
LG