Accessibility links

Ресейде қалалық депутатты біреулер ұрып кеткен


Ресейлік депутат Никита Слепневті өткен түнде белгісіз үш адам соққығы жығып кеткен. Мәскеу маңындағы Ногинск қаласының депутаты өзіне шабуылдағандар бетіне көзден жас ағызатын газ шашып кеткенін айтты.

Ол өзін соққандар "егер аузыңды жаппай жүрсең, біз сені өлтіреміз" деп ескерткенін айтып отыр.

Жастар қозғалысының мүшесі Слепнев ауруханаға жатқызылған. Оның партиясы бұл шабуыл Слепневтің әлеуметтік және саяси мәселелерді көтеріп жүргенімен байланысты дейді. Слепнев сондай-ақ Мемлекеттік Думадағы депутат Олег Михеевтің көмекшісі екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG