Accessibility links

Бағдадтағы шабуылдар 8 адамның өмірін әкетті


Жексенбі күні таңертең Бағдадта болған жарылыстардан кемінде 8 адам қаза тапты. Тағы 33 кісі жарақат алды.

Билік өкілдерінің айтуынша, нысанаға полиция сақшылары алынып, бір полиция қызметкері мерт болды. Тағы бір шабуылда Бағдадтың солтүстігіндегі көлік жарылысынан базарға бара жатқан фермер баласымен құрбан болды.

Сондай-ақ жол бойына қойылған бомбаға ирандық қажыларды тасып бара жатқан автобус түсіп, бір адам қаза болды. Мемлекеттік ғимаратқа болған шабуыл 2 адамның өмірін әкетті. Тармиях қаласындағы мектеп жанындағы жарылыс 7 жастағы баланы өлтірді.

Бағдадта бір күнде болған бұл шабуылдар наурыз айында Араб лигасының жиынын өткізуді жоспарлаған Ирақта қауіпсіздік шаралары толық қамтамасыз етілмегенін танытып отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG