Accessibility links

Каримов Бельгияда ЕуроОдақ өкілдерімен кездеседі


Өзбекстан президенті Ислам Каримов Еуропа Одағы мен НАТО-ның жоғары лауазымды ресми өкілдерімен келіссөз өткізу үшін бүгін Брюссельге барады. Каримов Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозумен және ЕуроОдақтың энергетика бойынша комиссары Гунтер Оттингермен кездеседі. Екі жақ энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы түсіністік меморандумына қол қойып, Ташкентте Еуропа Одағының өкілдігін ашу мәселесін талқылайды.

Бұған қоса Каримов Өзбекстанның НАТО-мен ынтымақтастығын талқылау үшін НАТО басшысы Андерс Фог Расмуссенмен кездеседі.

Өзбекстанда адам құқықтарының жағдайы нашар деген сыншылар Батыс елдері ресми өкілдерінің Каримовпен кездесу жөніндегі шешімін айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG