Accessibility links

Тіркелмеген "Әзірбайжан ислам партиясының" басшысы қамалды


Тіркелмеген "Әзірбайжан ислам партиясының" төрағасы Мовсум Самадов үш айға қамалды деп хабарлайды Азаттық радиосының Әзірбайжан қызметі. Самадовқа "заңсыз қару иеленді, лаңкестік әрекетті қоздырды және конституциялық жүйені өзгертуді көздеді" деген айыптар тағылып отыр.

Самадов пен аталмыш партияның бірнеше мүшесі "полицияға қарсыласты" деген айыппен қаңтардың 7-сінде ұсталған болатын. Бейсенбі күні Насими аудандық соты Самадовты 3 айға түрмеге жабу туралы шешім шығарды. Самадовтың адвокаты сот шешіміне байланысты шағымданатынын хабарлады.

Адам құқығын қорғаушылардың айтуынша, Самадов мектепте қыздардың орамал тағуына тыйым салынғанын сынағаны үшін қамалып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG