Accessibility links

Тунис полициясы шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ атты


Тунис полициясы премьер-министрдің кеңсесіне тас лақтырған наразылық танытушыларға бүгін көзден жас ағызатын газ атты.

Жексенбі күні негізінен кедей аймақтардан келген наразылық танытушылар премьер-министр Мохамед Ганушидің қызметінен кетуін талап етті. Елден қуылған президент Зин әл-Абидин Бен Алидің билігі кезінде қызмет атқарған Гануши сайлаудан кейін саясаттан кетуге уәде еткен болатын.

Өткен дүйсенбіде уақытша үкімет құрылғалы бері Тунис азаматтары күнде наразылық шарасын өткізіп, Бен Алидің RCD партиясын жоюды талап етіп келді.

Бен Али Тунистегі ондаған адамның өмірін қиған толқулардан кейін қаңтардың 14-інде елден қашып, Сауд Арабиясын паналаған.
XS
SM
MD
LG