Accessibility links

Ресей мен Пәкістан келіссөз өткізеді


Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков бүгін Исламабадқа барып, Пәкістанның ресми өкілдерімен келіссөз өткізеді. Екі жақ исламшыл бүлікшілерге қарсы күрес пен ядролық қаруды таратпау мәселесін талқылауы мүмкін.

Ресей Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы исламшыл бүлікшілердің Солтүстік Кавказдағы жауынгерлермен және Орталық Азияға байланысына алаңдаулы. Сонымен қатар Ресей аймақтағы ықпалын күшейтуді көздейді.

Екікүндік келіссөздер барысында есірткі тасымалымен күрес мәселесі де көтерілуі ықтимал.
XS
SM
MD
LG