Accessibility links

НАТО: Ауғанстанда 14 бүлікші өлтірілді


Ресми өкілдердің айтуынша, НАТО мен ауған күштері күдікке ілінген 14 бүлікшіні өлтірген. Нангархар өлкесінің полиция басшысы Али Шах Пактиуалдың мәлімдеуінше, жексенбі күні Хогияни ауданында "Талибан" қолбасшысы Мулла Ануар мен оның 12 жауынгері өлтірілген. Оның айтуынша, Мулла Ануар ауан және коалиция күштеріне бірнеше шабуылды ұйымдастырған. НАТО Мулла Ануардың өлімін растады бірақ операция жұма күні өтті деп мәлімдеді.

НАТО-ның мәліметінше, Логар өлкесіндегі Пул-е-Алам ауданындағы шабуылдан "Талибан" мүшесі Абдул Бари қаза болған. Ол "Талибан" басшыларына қарулар мен көліктерді жеткізуге көмектескен делінеді.
XS
SM
MD
LG