Accessibility links

КГБ Беларусь журналисін біраз уақыт ұстады


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Беларусь журналисі Хенадз Барбаричті ұстап, біраз уақытан кейін босатты деп хабарлайды Азаттық радиосының Беларусь қызметі.

Польшадан Беларуське хабар тарататын "Рация радиосының" тілшісі Барбарич Дзержинский мәдени үйінің ішінде сайлаудан кейін қамауға алынған белсенділердің туыстарымен сөйлесіп жатқан болатын. Бір кісі Барбаричке келіп, КГБ кеңсесіне баруын сұраған. Барбаричтің айтуынша, КГБ қызметкерлері одан жүргізген сұхбаттарының бәрін жоюды талап еткен.

Желтоқсанның 19-дағы сайлауда президент Александр Лукашенко қайта сайланған соң Беларусьтегі наразылық шарасы барысында жүздеген адам тұтқындалған болатын.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG