Accessibility links

«Домодедоводағы» жарылыстан қаза тапқандардың кейбірі анықталды


Мәскеудегі «Домодедово» әуежайында дүйсенбі күні болған жарылыстан қаза тапқан 35 адамның бесеуінің кім екені анықталды.

Ресей тергеу комитетінің алдын ала деректері бойынша, қаза тапқандардың екеуі - британ азаматтары. Зардап шеккендердің арасында 9 шетелдік бар.

Жарылыстан жараланғандар туралы әртүрлі ақпарат айтылып жатыр: Денсаулық және әлеуметтік даму комитеті – 135 адам десе, Төтенше қызмет министрлігі – 180 адам жараланған дейді. Жараланған 48 адамның ауыр халде екені хабарланды.

Тергеушілердің болжамы бойынша, «Домодедово» әуежайындағы жарылысты жанкешті жасаған.
XS
SM
MD
LG