Accessibility links

Ливанда «Хезболла» тобына қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр


Ливанда дүйсенбі күні «Хезболла» радикалды шиит тобына қарсы наразылық акциялары басталды.

Ливанның бірқатар қалаларында жастар «Хезболлаға» қарсы ұрандар айғайлап, жолдарды жауып, автокөлік дөңгелектерін өртеген.

Осының алдында миллиардер бизнесмен Наджиб Микати Ливанның жаңа премьер-министрі болатыны туралы хабар тараған еді. Оның кандидатурасына парламент депутаттарының көпшілігі, солардың арасында «Хезболла» өкілдері де қолдау білдірген.

«Хезболланы» террорлық ұйым деп таныған АҚШ Ливанның жаңа үкіметі халықаралық деңгейде қиындықтарға тап болуы мүмкін деп ескертті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG