Accessibility links

Жұртшылық ақын Қадыр Мырзалиевті ақтық сапарға шығарып салды


Бүгін Алматыда жұртшылық Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырзалиевті ақтық сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасу Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театрында өтті.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының сөзін жазғандардың бірі, ондаған томды құрайтын жыр жинақтары мен өлеңдердің және прозалық кітаптардың авторы 77 жасқа қараған шағында өткен сенбі күні дүние салды.

Қадыр Мырзалиевтің денесі бүгін Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді.
XS
SM
MD
LG