Accessibility links

Мәскеуде қауіпсіздік күшейтілді


"Домодедово" әуежайындағы жарылыстан кемінде 35 адам қаза тауып, 150-ден астам кісі жараланған соң Мәскеуде қауіпсіздік күшейтілді. Президент Дмитрий Медведев әуежайдағы жарылысты лаңкестік әрекет деп атап, оған жауаптыларды табуға уәде етті. Дүйсенбі күнгі шабуылға байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады.

Әлем елдері мен халықаралық ұйымдардың басшылары Мәскеудегі террорлық шабуылды айыптап жатыр. АҚШ президенті Барак Обама бұл оқиғаны «жан түршігерлік зорлық-зомбылық» деп атады. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун жарылыс туралы естіп, қатты күйзелгенін мәлімдеді. Еуропа Одағы Ресей үкіметі мен халқына көңіл айтып, кез-келген техникалық жәрдем беруге әзір екендігін білдірді. НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен әлем елдерінің террорға қарсы күштерін үйлестіру қажеттігін атап айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG