Accessibility links

Ауғанстанда жаңа парламент сессиясы басталмақ


БҰҰ және АҚШ үкіметі Ауғанстан президенті мен жаңадан сайланған парламент мүшелерінің арасындағы келісімді құптап қарсы алды.

Дүйсенбі күні ауған президенті Хамид Карзай заң шығарушылармен арадағы дауды тоқтату мақсатында парламент сессиясын қаңтардың 26-сында ашатынын хабарлады. Алайда президент кеңсесінің мәлімдеуінше, қыркүйек айындағы парламент сайлауында болуы мүмкін заң бұзушылықтарды тергеп жатқан трибунал өз жұмысын жалғастыра бермек.

Өткен аптада Карзай осы тергеуге байланысты парламент инаугурациясын бір айға кейінге қалдыратынын айтқан болатын. Ал жаңадан сайланған заң шығарушылар парламент отырысын өздері бастайтындарын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG