Accessibility links

Биыл әлемдегі жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай жақсармайды


БҰҰ-ның еңбек жөніндегі кеңсесінің мәліметінше, өткен жылы әлемде жұмыссыздар саны 205 миллионға жеткен, 2011 жылы жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай жақсара қоймайды.

Халықаралық еңбек ұйымының болжамы бойынша дүниежүзіндегі жұмыссыздар саны осы жылы шамамен бір пайызға төмендеп, 203.3 миллион адамды құрайтын болады.

Женевадағы ұйымның баяндамасы Швейцарияның Давос қаласында басталатын Дүниежүзілік экономикалық форумның қарсаңында жарияланып отыр. Жыл сайын өтетін бұл форумда ірі кәсіпкерлер мен саяси жетекшілер әлем жағдайын талқылайды.
XS
SM
MD
LG