Accessibility links

АҚШ соты Гуантанамо тұтқынын өмірлік түрме жазасына кесті


Нью-Йоркте азаматтық сот Гуантанамо әскери базасындағы түрмеде терроризм айыбы бойынша қамауда болған 36 жастағы танзаниялық Ахмед Халфан Гайланиді өмір бойы түрмеде ұстауға үкім шығарды.

Ол 1998 жылы Кения мен Танзаниядағы АҚШ елшіліктеріндегі жарылыстарға қатысы болғаны үшін кінәлі деп танылды. Сол жарылыстар салдарынан жиыны 224 адам қаза тапқан.

Сотта Гайланидың тергеу кезінде өзіне қарсы күш қолданғаны туралы шағымына судья Льиюс Каплан айыпталушы мен оның сыбайластарының «жасаған сұмдықтары мен тигізген қайғы-қасіреттерінің жанында оның барлығы түкке тұрмайтынын» айтқан.

2004 жылы Пәкістанда ұсталып, 2006 жылы Гуантанамо түрмесіне ауыстырылған Ахмед Халфан Гайланидің ісі – Гуантанамода қамауда отырғандардың арасынан АҚШ азаматтық сотында қаралған алғашқы іс. Былтыр қараша айында сот оған тағылған 200-ден аса айыпты дәлелсіз деп алып тастап, тек бір айыпты қалдырғаны АҚШ қоғамында дау туғызған еді.
XS
SM
MD
LG