Accessibility links

Білмеген опық жейді


Көк базарға барып едім, автобус күтіп, суықта біраз сандалып жүріп қалдым. Сөйтсем өткен сенбіден бастап Көк базар маңындағы аялдамаларға қоғамдық көлік келмейтін болыпты. Білетіндердің сөзінше, Азиадаға байланысты екен. Қай уақытқа дейін екенін білмедім. Әйтеуір мен сияқты естімегендер опық жеп, суықта дірдектеп мен айтқан хабарға «сене» алмай біраз тұрды. Мен де жай тұрмай бейнеге тартып алдым. Айтпақшы, троллейбус жарықтыққа бұл жарлық жүрмейді екен.

Жүктеген адам: Сұрмерген

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG