Accessibility links

Серік Әбдірахманов саясаттан кететінін мәлімдеді


Сәрсенбі күні Азаттық радиосына берген сұқбатында Серік Әбдірахманов үлкен саясаттан кететінін мәлімдеді. Ол «Әділет» партиясының қатарынан шыққанын растады.

«Мен саясаттан демалайын дедім. Бар құпиясы - осында. Алты рет депутат болдым, пәленбай жыл Коммунистік партия мен «Нұр Отанның» қатарында жүрдім. «Әділетті» көрдім, саясатты көрдім. Енді кішкене саясаттан демалайын деп, арызымды жазып кеттім. Ешкім мені қуған жоқ», – деді Серік Әбдірахманов Азаттық радиосына.

Алдағы жоспары туралы сұраққа естелік кітап жазбақ ойы барын айтты.

2008 жылдың күзінен осы кезге дейін президентшіл «Әділет» демократиялық партиясы төрағасы бірінші орынбасары болған Серік Әбідрахманов саясаттағы жолын 1970-жылдары комсомолдан бастаған.

1981 жылдан 1987 жылдың басына дейін Қазақстан комсомолы орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.

Серік Әбдірахманов төрт рет Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің, екі рет Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып сайланған.
XS
SM
MD
LG