Accessibility links

Жаңаөзенде аштық жариялап жатқандардың тағы бірі ауруханаға түсті


Жаңаөзенде жергілікті билікке жұмыс және баспанаға қатысты талаптар қойып, өткен аптадан бері аштық жариялап жатқан әйелдердің тағы бірі – Гүләйім Топаеваны бүгін түнгі сағат екіде дәрігерлік жедел жәрдем көлігі алып кеткені туралы Азаттық радиосына аштық жариялап жатқандардың жақындарынан белгілі болды.

– Қазір ол Жаңаөзен ауруханасының кардиология бөлімінде жатыр, – деді Серік Қажиқанов есімді тұрғын.

Бұған дейін Жаңаөзенде аштық жариялап жатқан алты әйелден алғашқы болып Тамара Ерғазиеваның дүйсенбіде ауруханаға жеткізілгенін Азаттық радиосы хабарлаған.

Қалған төрт әйелдің Гүләйім Топаеваның пәтерінде аштық акциясын жалғастырып жатқанын сәрсенбі күні Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескен аштық жариялаушылардың бірі Дәмеш Сарғұлова хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG