Accessibility links

АҚШ: жараланған Габриэль Гиффордстің жағдайы оңалып келеді


АҚШ конгресі Өкілдер палатасының мүшесі, басынан ауыр жарақаттанған Габриэль Гиффордстың жағдайы оңалып келеді. Дәрігерлердің айтуынша, оны енді емдеу палатасына ауыстыруы мүмкін. Бұған дейін Гиффордстың денсаулығы нашар делінген еді.

Қаңтардың 8-інде Тусон қаласында коргрессмен мен сайлаушылар кездесуі кезінде шыққан атыстан алты адам қаза болып, 13 кісі жараланған.

Шабуыл жасаған адам – 22 жастағы Джеред Ли Лафнер өзіне тағылған айыптың үшеуін мойындамады. Ол кеше Габриэль Гиффордс пен оның екі көмекшісін өлтірмек болды деген айыпты жоққа шығарды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG