Accessibility links

Медведев көлік бөлімінің басшысын қызметінен босатты


Ресей президенті Дмитрий Медведев "Домодедово" әуежайындағы жарылысқа байланысты ішкі істер министрлігінің орталық федералдық аудан бойынша көлік департаментінің басшысы Андрей Алексеевті қызметінен босатты. Ішкі істер министрі Рашид Нургалиевтің айтуынша, әуежайдағы полиция бекетінің басшысы мен оның екі орынбасары да қызметінен алынған.

Дүйсенбі күнгі жанкештілік жарылыстан 35 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланды. Бүгін Ресейде аза тұту күні деп жарияланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG