Accessibility links

Ауған президенті парламент сессиясын ашты


Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Карзай жаңадан сайланған парламенттің сессиясын ашты. Сәрсенбі күнгі отырыста заңшығарушылар ант қабылдады.

Дүйсенбі күні Карзай заң шығарушылармен арадағы дауды тоқтату мақсатында парламент сессиясын қаңтардың 26-сында ашатынын хабарлаған болатын. Алайда президент кеңсесінің мәлімдеуінше, қыркүйек айындағы парламент сайлауында болуы мүмкін заң бұзушылықтарды тергеп жатқан трибунал өз жұмысын одан әрі жалғастыра бермек.

Өткен аптада Карзай осы тергеуге байланысты парламент инаугурациясын бір айға кейінге ысыратынын айтқан еді.
XS
SM
MD
LG