Accessibility links

Тунис бұрынғы президентті тұтқындауға ордер берді


Елдің әділет министрінің мәлімдеуінше, Тунис биліктен қуылған президент Зин әл-Әбидин Бен Әлиді қамауға алу жөніндегі ордер берген. Министр Лажар Каруи Чебидің айтуынша, Тунис Интерполдан Бен Әли мен оның отбасы мүшелерін тұтқындауға көмектесуді сұраған. Тунистің уақытша билігі Бен Әли мен оның отбасына "ұрлық жасады және заңсыз шетел валютасын аударды" деген айып тағып отыр.

Тунисті 23 жыл басқарған Бен Әли жаппай наразылық шарасынан кейін қаңтардың 14-інде елден қашып, Сауд Арабиясын паналаған болатын.

Тунисте шеруге шыққандар уақытша үкімет құрамына Бен Әлидің бұрынғы жақтастарының енуіне наразылық танытты. Хабарларға қарағанда, бүгін полиция наразылық танытушыларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG