Accessibility links

Әзербайжанда жас белсендіге қарсы қылмыстық іс қозғалды


Әзербайжандағы парламент сайлауына түскен жас белсендіге "әскери борышынан бас тартты" деген айып тағылды деп хабарлайды Азаттық радиосының Әзербайжан қызметі.

Дүйсенбі күні көршілес Грузияға бара жатқан Бахтияр Гаджиевті полиция ұстап, Ганжа қаласындағы полиция бекетіне жеткізді. Ал сейсенбі күні қалалық прокуратура Гаджиевке қарсы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Гаджиев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр. Гаджиевтің айтуынша, ол айыптардың саяси астары бар. Өйткені ол өткен жылғы сайлау науқаны барысында телеарнадан үкіметті сынаған.

29 жастағы Гаджиев Гарвард университетінде оқып, 2008 жылы саясат ғылымы бойынша магистр дипломын алған. Ол қарашаның 7-сіндегі парламент сайлауына үміткер ретінде түскен. Бірақ онда негізінен президентшіл үміткерлердің жеңіске жеткендігі белгілі. Халықаралық бақылаушылар Әзірбайжандағы сайлауды "әділ және ашық өтпеді" деп сынаған болатын.
XS
SM
MD
LG