Accessibility links

Бас прокуратура Ұлыбританиядан Мұхтар Әблязовты экстрадициялауды сұраған


Қазақстан Бас прокуратурасы шетелде қуғында жүрген, БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовты экстрадициялауды сұрап, Ұлыбританияға өтініш жасаған. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, әзірше британ жағынан ресми жауап келмеген. Жандос Өмірәлиев БТА Банкке қатысты қозғалған қылмыстық іс тергеуі аяқталғанын айтты.

2009 жылы ақпан айының басында БТА Банк мемлекет қарамағына өтіп, жұмыстан босатылған Мұхтар Әблязов шетелге кетіп қалған еді. Сол жылы Қазақстанның құқық орындары оған қарсы қылмыстық іс қозғады.
XS
SM
MD
LG