Accessibility links

АҚШ Назарбаевтың өкілетін ұзарту талпыныстарына тағы да пікір білдірді


АҚШ Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі талпыныстарға байланысты алаңдаушылығын қайталап айтты. Бұл туралы сәрсенбі күні АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Филип Кроули хабарлады.

Оның айтуынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Вашингтонда Қазақстан сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесуінде "Назарбаевтың өкілетін ұзарту жөніндегі референдумның өткізілуі демократиядан шегініс болар еді" деп атап көрсеткен. Кроулидің мәлімдеуінше, АҚШ Қазақстан демократия мен адам құқықтары жолындағы міндеттемесін растайды деп үміттенеді.

АҚШ мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, Клинтон мен Саудабаев сондай-ақ Ауғанстан мәселесі мен ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастықты талқылаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG