Accessibility links

Мысырда президентке қарсы шеру жалғасып жатыр


Мысырда президентке қарсы наразылық шарасы үшінші күн жалғасып жатыр. Шерушілер бейсенбі күні таңертең Қаир мен Суез қалаларында жиналды. Президент Хосни Мубарак Мысырды 30 жылдан бері басқарып келеді.

Басқа да хабарларға қарағанда, бүгін Мысырға Венадан Мохамед Әл-Барадей келуі тиіс. Реформаларды қолдайтын танымал тұлға Әл-Барадей БҰҰ-ның ядролық энергетика жөніндегі агенттігін басқарған. Талдаушылардың айтуынша, Әл-Барадейдің Мысырға келуі елдегі наразылық шарасын күшейтуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG