Accessibility links

Аушвицте Холокост құрбандары еске алынады


Бүгін Германия мен Польша президенттері Аушвиц фашистік концлагерінде аман қалғандарға қосылып, Холокост құрбандарын еске алады.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 27 қаңтарды Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күні ретінде бекіткен болатын себебі 1945 жылы дәл осы күні Кеңес Армиясы ірі нацистік Освенцим-Биркенау ажал лагерін азат еткен-ді.

Сәрсенбі күні Израиль премьер-министрі Бенямин Нетаняху әлем елдерін Холокосттан сабақ алып, Иранға қарсы шара қолдануға шақырды. Нетаняху "аятоллалар режимін" еврей халқына қарсы жаңа "геноцидті" қоздыруда деп айыптады.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад бірнеше рет Холокостты жоққа шығарып, оны "аңыз" деп атаған болатын.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG