Accessibility links

Гүл: Түркияның ЕуроОдаққа мүше болуы аса маңызды емес


Түркия президентінің мәлімдеуінше, Түркия үшін Еуропа Одағына мүше болу аса маңызды емес. Францияның Le Figaro басылымына берген сұхбатында Абдулла Гүл "алдымызға кедергілер қойылған бірақ әлем Еуропа Одағында тоқтап қалмайды" деп атап көрсетті.

Франция Түркияның Еуропа Одағына мүше болуына қарсылық таытып келеді. Франция президенті Николя Саркози ақпан айында Түркияға барып, Анкараның ЕуроОдаққа мүше болуына ұмтылысын талқылауы мүмкін.

Түркия мен Еуропа Одағы 2005 жылдан бері мүшелік жөнінде келіссөз өткізіп келеді бірақ бұл мәселеде айтарлықтай алғабасушылық жасалмаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG