Accessibility links

Қырғызстанда "Хизб ут-Тахрир" мүшесі деген күдікпен бір адам ұсталды


Қырғызстанда тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" ұйымының мүшесі деген күдікпен бір адам қамауға алынды деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі. Бейсенбі күні Жалал-Абад облысы ішкі істер бөлімінің баспасөз хатшысы Талайбек Суусунбаев журналистерге Қара-Көл қаласының 29 жастағы тұрғынының сәрсенбіде тұтқындалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, күдіктінің көлігінен діни экстремистік мазмұндағы ондаған кітап табылған.

Орталық Азия мен Ресейде "Хизб ут-Тахрир" ұйымына тыйым салынған. Алайда мұсылман елдерін біріктіріп мемлекет құруды көздейтін бұл ұйым бірқатар батыс елдерінде заңды түрде жұмыс істейді.
XS
SM
MD
LG