Accessibility links

Египетте жағдай шиеленісіп тұр


Египетте соңғы үш күн бойы шеруге шыққан жұрт бүгін де наразылық акциясын жалғастырмақ. Шеруді ұйымдастырушылар бүгін жұма намазға баратын мыңдаған адам өз қатарларына қосылады деп үміттенеді.

Египетке бейсенбі күні Венадан реформаларды қолдайтын танымал тұлға, Нобель сыйлығының иегері Әл-Барадей келді. Ол бейбіт шеруге шыққандарға қолдау білдіріп, олармен бірге болатындығын мәлімдеді.

Шеруге шыққандар елдегі әлеуметтік жағдай нашарлап, жемқорлық жайлап бара жатқанын айтып, соңғы 30 жыл бойы мемлекетті басқарып отырған Хосни Мүбәрәктің биліктен кетуін талап етіп отыр.

Египеттегі наразылықтарға байланысты пікір айтқан АҚШ президенті Барак Обама Хосни Мүбәрәкті елде саяси реформалар жүргізуге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG