Accessibility links

Тунис үкіметі қайтадан жаңартылды


Тунис үкіметіндегі қорғаныс, ішкі және сыртқы істер министрлері сияқты маңызды лауазымдарға биліктен қуылған бұрынғы президент Зин әл-Абидин бен Әлимен байланысы жоқ жаңа адамдар тағайындалды. Үкімет құрамында барлығы 12 адам ауысты.

Бірақ ел премьер-министрі Мохаммед Гануши қызметінде қалды. Ол Тунисте еркін сайлау өткеннен кейін үлкен саясаттан кетуге уәде берген. Гануши сайлауды тәуелсіз сайлау комиссиясы ұйымдастыратынын айтып, елге халықаралық бақылаушылар шақырылатынын хабарлады.

Тунисте соңғы бірнеше күн бойы бұрынғы президенттің жақтастарының үкіметтен кетуін талап еткен наразылық шерулері өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG