Accessibility links

Мәскеу «Домодедоводағы» жарылыс құрбандарымен қоштасып жатыр


Бүгін Ресей астанасында осы аптада «Домодедово» әуежайында болған террорлық жарылыста қаза тапқандармен қоштасып жатыр.

Жарылыс құрбандары Мәскеудегі Николо-Архангельск, Хованск, Троекуровск және Долгопрудный зираттарына жерленеді. Марқұмдарды жерлеу шығынын қала билігі өз мойнына алды.

Жарылыста қаза тапқандардың кейбірі бейсенбі күні Мәскеу облысына жерленді.

Ресейлік ресми орындардың деректері бойынша, қаңтардың 24-і күні Мәскеудегі «Домодедово» әуежайында болған жарылыс салдарынан 35 адам қаза тапты, жарақат алған 125 адам ауруханада жатыр. Жарылысты кім ұйымдастырғаны туралы ақпарат жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG