Accessibility links


Алдында Розатайдың жазбасынан оқығандай, команданың бір топ белді ойыншыларының кететіні жайлы Тұрсынбек Қабатов әңгімелеп берген еді. Енді, міне, тағы бір мұңға толы сұхбат алыныпты.

Соңғы финалда біздікілердің қандай ойын көрсеткенін көзіміз көрді. Қазақтар ғана емес, ТМД мемлекеттерінің өзге елдеріндегі КВН жанкүйерлерінің өзі интернет-сайттарда «өкінішті», «обал болды», «әділетсіз бағалау» дегенге саятын пікірілер айтып жатты. Youtube-тағы «Қазақтардың» ойыны бар видеолардың астындағы сөздерге қараңызшы, оң ниет танытқан тек қазақстандықтар ғана емес.

Арасында Гүлнәр бар біздің жігіттер 0,6 бал айырмашылықпен жеңілген кезде, біз болып, Сіз болып біраз мұңайған/жынданған/боқтаған/ «әкеңдеген»/«шешеңдеген»/«анаңдаған» едік…

Әрине, «жас өспей ме, жарлы байымай ма» дейді. Алда талай команда Жоғарғы Лигада ойнар, талай жеңілістер мен жеңістерге куә болармыз. Алайда әу баста, «Астана.кз» кезінде атағы шыққан «Қазақтардың» есімізде қалары сөзсіз-ау.

10 жылдың айналасында өзге жұртта, ойлы-қырлы жағдайда өнер көрсеткен ойыншылардың еңбегі жай ғана күлкі тудыратын әзіл мен езу тартатын қалжыңдардан жоғары тұр. Олардың сахнадан айтқан сөздері жеке мен үшін күнделікті өмірде айтылатын афоризмдерге айналып кетті. Олардың әндері менің сүйіп тыңдайтын, ешкімде қайталанбайтын әндер болды. Қылт етсе, қырылысып, бөліне қалатын қазақтілді және орыстілді орта «Қазақтарға» келгенде бірігіп, бір пікір айтып жатты.

«Қазақтар», рахмет сендерге! Осыншама жыл әдемі ойын, әрлі өнер көрсеткендерің үшін… Ұлтты жат көздің алдында түсірмей, керісінше, жадыраңқы көңілдегі, дархан пейілді етіп көрсеткендерің үшін…

Тек шешем айтпақшы, «Құдай түбін берсін, әйтеуір»…

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG