Accessibility links

Албанияда үкіметке қарсы шеру өтпекші


Бүгін Албанияда үкіметке қарсы шерулер өтеді. Оппозициялық Социалистік партияның қолдаушылары Тиранада жиналып, өткен аптадағы шерулерде қаза болған үш адамға құрмет көрсетпек.

Албания полициясы шерудің тыныш жағдайда өтуіне "кепілдік бере алмайтынын" ескертті. Зорлық-зомбылық әрекеттері болуы мүмкін деп алаңдаушылық танытқан Еуропа Одағы, АҚШ және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы социалистерді шеру өткізу жоспарын қайта қарауға шақырды. ЕҚЫҰ премьер-министр Сали Бериша мен социалистер жетекшісі Эди Рама диалог өткізуі тиіс дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG