Accessibility links

Голландия Ауғанстанға нұсқаушыларын жібермекші


Нидерланды парламентіндегі заңшығарушылардың басым бөлігі голландиялық күштер мен полиция қызметкерлерін Ауғанстанға жіберу жөніндегі үкімет шешімін қолдады. Голландиялықтар Ауғанстанның солтүстігіндегі полиция қызметкерлерін жаттықтыратын болады.

Премьер-министр Марк Рюттенің коалициясы кішігірім партиялардың қолдауына ие болу үшін бұл бағдарламаның сапасын жақсарту мақсатында Құндыз өлкесіндегі жаттықтыру әрекеттері 6 аптадан 18 аптаға ұзартылады деп уәде етті. Сонымен қатар үкіметтің атап көрсетуінше, ауғандарға әйелдер мен балалардың құқықтарына қатысты және жалпы адам құқығы мәселесі бойынша нұсқау беріледі.
XS
SM
MD
LG