Accessibility links

Нельсон Мандела ауруханадан шықты


Оңтүстік Африка ресми өкілдерінің айтуынша, бұрынғы президент Нельсон Мандела ауруханадан шыққан. Президент орынбасары Кгалема Мотланте Йоханнесбургте баспасөз мәслихатын өткізіп, Манделаның денсаулық жағдайы жақсы деп атап көрсетті.

Бас хирургтың айтуынша, 92 жастағы Мандела арнайы медициналық тексеруден өтіп, үйіне жіберілген. Апартеидке қарсы күрескен Нельсон Мандела сәрсенбі күні ауруханаға түсті еді.

Ол 27 жыл түрмеде отырған кезде туберкулезбен ауырған болатын. Нельсон Мандела - осы елдің алғашқы қара нәсілді президенті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG