Accessibility links

Кабулдағы жарылыстан 6 адам мерт болды


Полиция мен куәгерлердің айтуынша, Кабулдағы дүкенде болған жарылыстан кемінде 6 адам қаза тапқан. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жұма күнгі жарылыстан құрбан болғандардың арасында ауғандар мен шетелдіктер бар.

Ауғанстан астанасы Кабулдың Уазир Акбар Хан ауданындағы дүкенде болған жарылыстың себебі анықталып жатыр. Бұл ауданда негізінен шетел азаматтары мен бай ауғандықтар тұрады.
XS
SM
MD
LG