Accessibility links

Медведев АҚШ-пен арадағы келісімге қол қойды


Ресей президенті Дмитрий Медведев АҚШ-пен арадағы ядролық қаруларды азайту жөніндегі тарихи келісімге қол қойды. Осы аптада Ресей парламенті аталмыш құжатты бекіткен болатын.

Стратегиялық қаруларды қысқарту жөніндегі жаңа келісімге сәйкес, Ресей мен АҚШ стратегиялық оқтұмсықтарын 2200-ден 1550-ге азайтуы керек. Сонымен қатар келісім бойынша екі ел бақылау жүйесін қайта қалпына келтірмек.

Енді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бекітілген құжаттарды бір-біріне тапсырған соң аталмыш келісім өз күшіне енетін болады.
XS
SM
MD
LG