Accessibility links

Мәскеуде 5 шеруші ұсталды


Бүгін Ресейдегі Мемлекеттік Дума ғимараты алдында полиция туралы заң жобасына жеке басымен наразылық танытқан бес белсенді тұтқындалды деп хабарлайды Азаттық радиосының орыс қызметі.

Жұма күні Ресей парламенті аталмыш заң жобасын талқылады. Шерулерді оппозициялық топтар ұйымдастырды. Ресей заңы бойынша мұндай жеке наразылық шарасына тыйым салынған.

Оппозицияның пікірінше, заң жобасында полицияға тым көп құқық берілген.
XS
SM
MD
LG