Accessibility links

Лахор соты АҚШ елшілігі қызметкерін қамаудан босатқан жоқ


Пәкістандағы Лахор қаласының соты АҚШ елшілігінің қызметкері, кісі өлімі мен заңсыз қару ұстау айыптары бойынша ұсталған Раймонд Дэвидті қамаудан босатқан жоқ. Соттың ендігі отырысы келесі бейсенбіде өтеді.

Елшілік қызметкері Лахорда "өз көлігімде отырғанда шабуыл жасады" деп, мотоцикл мінген екі адамды атқан болатын. Оның айтуынша, қорғану үшін атқан. Осы оқиға кезінде тағы бір бейсауат адам қаза болды. Оны Дэвидке көмектесу үшін асығып келе жатқан АҚШ елшілігі көлігі қағып кеткен.

АҚШ мемлекеттік департаменті бұл оқиғаға америкалық дипломатиялық өкілет қызметкерінің қатысы болғанын растады.
XS
SM
MD
LG