Accessibility links

Египет астанасында шерулер қайта жалғасты


Бүгін Каир көшелеріне шерушілер қайта шығып, президент Хосни Мүбарактың орнынан кетуін талап етті.

Шерушілер жұма күні кешкісін президент Мүбарактың үкіметті таратып, елде демократияға қарай жаңа қадамар жасауға берген уәдесіне қарамастан жиналып отыр.

Египет президенті Хосни Мүбарак өзінің биліктен кетуін талап еткен шерулерден кейін, үкіметті таратқанда өзі туралы ештеңе айтпаған.

Мүбарак өзінің 30 жылға жуық билікте отырғанына қарсы осы аптада басталған жаппай наразылық шерулерінен кейін бірінші рет жұма күні мысырлық телеарнадан көрінді.

Оның халық алдына шығуы – шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыстан 20-дан аса адам қаза тапты деген хабарлардан кейін болып отыр.

Билік интернетке шектеулер қойып, әлеуметтік желілер мен кейбір мобил телефон байланысы үзілген.
XS
SM
MD
LG