Accessibility links

Иран "әділет іздеген" Египет шерушілерін қолдайды


Иран Египет жетекшілерін "әділет іздеуші" талаптармен келісіп, Каирда жалғасқан шеруде қақтығыстарға жол бермеуге шақырды.

Иранның мемлекеттік ақпарат агенттігі Сыртқы істер министрлігі өкілінің сөзін келтіріп отыр. Министрлік өкілі Рамин Мехманпараст египеттік шерушілер әділет іздегендер деп, Египет билігін шерушілерге қарсы қақтығысқа бармауға шақырған. Иранның өзінде бейбіт шерушілерді күшпен басып тастау әдеттегі жағдайға айналған.

Теһран мен Каир арасындағы байланыстар 1980 жылдары Ирандағы төңкерістерге қатысты және Египет елі Израиль тәуелсіздігін мойындаған соң нашарлап қалған.
XS
SM
MD
LG