Accessibility links

АҚШ Пәкістаннан дипломатын тезарада босатуды сұрады


АҚШ өз дипломатының ұсталуы заңсыз деп, Пәкістан билігін оны тезарада босатуға шақырды.

Исламабадтағы АҚШ елшілігі таратқан мәлімдемеге қарағанда, Лахор полициясы өзін дипломатпын деген адамның сөзін елемей, оның елшілік қызметкері екенін анықтамай қамауға алған.

Рэймонд Дэвис бейсенбі күні Лахорда екі мотоцикл жүргізушісінің атысынан кейін кісі өліміне қатысты полицияға әкетілген.

Елшілік ол дипломат қарулы адамдар өзіне шабуылдамақ болды деп ойлап, өзін қорғау үшін әрекет еткен дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG