Accessibility links

Египетте полициямен қақтығыс кезінде тағы 12 адам қаза тапты


Египеттегі Бени-Суейф қаласында шерушілердің полициямен қақтығысы кезінде 12 адам қаза тапты. Бұны Франс-пресс агенттігіне Египет арнайы қызметінің өкілі хабарлады.

Ресми есеп бойынша, соңғы екі күнде 45 адам құрбан болып, екі мыңдай адам жараланған.

Каир және басқа қалалардың көшелерінде коменданттық сағат тәртібі енгізілсе де, он мыңдаған адам президент Мүбәрәктің қызметтен кетуін талап етіп тұр.

Египетте сенбі күні ел үкіметі таратылған соң жаңа премьер-министр тағайындалған еді. Қазіргі үкімет басшысы - бұрынғы авиация министрі Азмед Шафик.

Сол күні Египет барлау қызметінің бастығы Омар Сулейман да елдің вице-президенті болып тағайындалды. Египетте вице-президенттің орыны Хосни Мүбәрәк билікке келген 30 жылдан бері бос тұрған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG